Ол Астанада өтетін парадқа қатысады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-7 мамыр күндері Қазақстанға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Лам мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы қазақ-вьетнам ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады», - деп хабарлайды Ақорда.
Дереккөзге сүйенсек, То Лам 7 мамыр күні Астанада өтетін Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадты тамашалайды.