Тоқаев Люксембургтің премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Автор: Бақыт Шынар

Екі тарап энергетика және қаржы салаларына мән берген

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембургтің премьер-министрі Люк Фриденмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметіне сүйенсек, әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Әсіресе, энергетика, қаржы, цифрлық технология, инновация және басқа да салалардағы өзара тиімді кооперация мәселесіне баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден Еуропа Одағы аясындағы серіктестік әлеуетін пайдаланудың, сондай-ақ Бенилюкс елдерімен ықпалдастықты күшейтудің маңызына назар аударды.