Бұл туралы Ақорда хабарлады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Гурбангулы Бердімұхамедов өнеркәсіп көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда жазғандай олар SPK Turkistan индустриалды паркіне барған. Қазір мұнда жалпы құны 36,5 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба жұмыс істеп жатыр.
«Жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерінің, ауыл шаруашылығы тракторлары, білім мен медицина мекемелеріне арналған жиһаздар, есіктер және өндірістік тоңазытқыштар өндірісі жолға қойылған. Өндіріс паркін дамытудың келесі кезеңінде 70 гектар аумаққа 112 ғимарат салу, сондай-ақ жалпы сомасы 39,7 миллиард теңге болатын 13 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған», - деп хабарлайды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов ғарыш саласында, машина жасау, металлургия, құрылыс индустриясы, жеңіл, тамақ және химия өнеркәсібінде қызмет ететін қазақстандық өндірушілердің көрмесімен танысты. Экспозицияға отандық кәсіпорындар шығаратын автокөліктер, ауыл шаруашылығы техникалары, тұрмыстық техника, медициналық құрылғылар, өндірістік аккумуляторлар, жиһаздар, текстиль, киім және тағы да басқа тауар түрлері қойылған.