Ауған халқы Қазақстан жіберген 36 вагон гуманитарлық көмекті қабылдап алды

Автор: Бақыт Шынар

Оны Қазақстанның Ауғанстандағы уақытша сенімді өкілі Ғазиз Ақбасов табыстады

Фото: үкімет

Қазақстан Ауғанстан халқына 2,2 мың тонна гуманитарлық көмек жіберді. Оның ішінде май, ұн, күріш, көрпе-жастық бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, азық-түлік пен көрпе-жастық пойыз арқылы, ал өте қажетті дәрі-дәрмек ұшақ арқылы жеткен.

«Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы уақытша сенімді өкілі Ғазиз Ақбасов атап өткендей, Қазақстан ауған халқын ары қарай қолдай береді. Тек гуманитарлық қана емес, тау-кен өнеркәсібі, көлік, логистика мен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.