Беларусь Президенті тиісті жарлыққа 3 маусым күні қол қойған
Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко үкіметтің қазіргі құрамын отставкаға жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды жергілікті "Беларусь 1" телеарнасы.
Телеарнаның жаңалықтар қызметі хабарлағандай, президенттің тиісті жарлығына 3 маусым күні қол қойылған.
Лукашенко үкіметтің жаңа құрамын елде болатын президент сайлауына дейін қайта жабдықтау керек деп хабарлаған. Ал, Беларусь Республикасындағы президент сайлауы 9 тамызға жоспарланып отыр.
Жалпы, Лукашенконың пайымынша, қазіргі министрлер кабинетіндегі көп адам өз орнында қалады. Сондай-ақ ол, Үкімет ауысқан кезде революция болмайтынын айтқан.