$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бала-шағасын алып, АҚШ-қа қашып кеткен»: Тоқаев Ақордада жемқор академиктің былығын ашты

Оның айтуынша, бұл адам кезінде «Парасат» холдингін басқарған

«Бала-шағасын алып, АҚШ-қа қашып кеткен»: Тоқаев Ақордада жемқор академиктің былығын ашты
Фото: Ақорда

Ғылым күні қарсаңында Ақордада ғалымдармен кездесіп, оларды кәсіби мерекесімен құттықтаған президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезіндегі жемқор академиктер еліміздің ғылымына қандай зиян тигізіп кеткенін айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ғылым жолы – күрделі жол. Өз ісіне адал, табанды, еңбекқор, жаңашыл әрі жасампаз адамдар ғана ғылым жолындағы қиындыққа төзе алады. Біз шын мәнінде озық ойлы ұлт боламыз десек, қоғамда осы қасиеттерді дәріптеп, орнықтыруымыз қажет. Ұлы Абай да өз заманында «Ғылым таппай мақтанба» деп өсиет қалдырды. Қазір технология қарқынды дамыған кезеңде біз үздіксіз ізденіске, терең білім мен ғылымға ерекше мән беруіміз керек. Мен Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай кезінде арнайы осы мәселеге тоқталдым. Бұл ретте, ғылыми қауымдастыққа айрықша жауапкершілік жүктеледі. Өйткені, ғалым – ұлттың шамшырағы», – деді Тоқаев.

Сондай-ақ, бүгінгі жиында президент тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ғылымға баса мән берілмегенін, көп ғалымның басқа салаға ауысып кеткенін және ғылымдағы жемқорлық туралы айтқан. ✔️

«Мәселен, Ақорда жазғандай, «Парасат» холдингін басқарған белгілі академик оны әбден тонап, кейін балаларымен бірге АҚШ-тың азаматтығын алып, мұхиттың ар жағына қашып кеткен. Дегенмен бүгінде жағдай оңалып, ғылым қайтадан төрге шыққанын атап өтті. Бұл – мемлекеттің нағыз, адал ғалымдарға сенімі деген сөз», - деп жазады Ақорда.

Серіктес жаңалықтары