Тоқаев пен Пәкістанның премьер-министрі бір-бірін Ораза айтпен құттықтады

Автор: Бақыт Шынар

Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф бір-бірін Ораза айт мейрамымен құттықтады», - деп хабарлады Ақорда.

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды.

Сонымен қатар экономикалық кооперацияның, әсіресе, көлік-логистика және инвестиция бағытындағы ықпалдастықтың әлеуетін барынша тиімді пайдалану маңызды екені айтылды.