Ұлыбритания патшасы Карл III ауруханаға түсті

Автор: Аягөз Құрмаш

Монархтың жағдайы қазір тұрақты

Фото: Alastair Grant / AP Подробнее: https://eadaily.com/ru/news/2025/03/28/korol-velikobritanii-karl-iii-otmenil-vstrechi-iz-za-sostoyaniya-zdorovya

Ұлыбритания королі Карл III 27 наурызда онкологиялық емнің әсеріне байланысты ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

The Guardian басылымы хабарлағандай, 76 жастағы патша жоспарлы ем-шарадан өткен, соның салдарынан қысқа мерзімге ауруханада болуына тура келеді. Осы себепті оның күндізгі шаралары кейінге шегерілді.

«Оның ұлы мәртебесі қазіргі таңда Кларенс-хаусқа оралды. Дәрігерлердің нұсқаулығына сәйкес, сақтық шарасы ретінде ертеңгі күнге жоспарланған қабылдау да кейінге шегеріледі», – деп мәлімдеді патшаның баспасөз қызметі.

2024 жылдың ақпанында Букингем сарайында патша қайтыс болған жағдайда билікті тапсыру жоспары дайындалғаны хабарланған. «Менай көпірі» атты кодтық атауға ие бұл жоспар билікті тақ мұрагері – ханзада Уильямға беру процесін қарастырады. Осы жылдың ақпан айында Карл III-ден қатерлі ісік анықталған.