Ұлыбритания патшасы Карл III ауруханаға түсті
Монархтың жағдайы қазір тұрақты

Ұлыбритания королі Карл III 27 наурызда онкологиялық емнің әсеріне байланысты ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
The Guardian басылымы хабарлағандай, 76 жастағы патша жоспарлы ем-шарадан өткен, соның салдарынан қысқа мерзімге ауруханада болуына тура келеді. Осы себепті оның күндізгі шаралары кейінге шегерілді.
«Оның ұлы мәртебесі қазіргі таңда Кларенс-хаусқа оралды. Дәрігерлердің нұсқаулығына сәйкес, сақтық шарасы ретінде ертеңгі күнге жоспарланған қабылдау да кейінге шегеріледі», – деп мәлімдеді патшаның баспасөз қызметі.
2024 жылдың ақпанында Букингем сарайында патша қайтыс болған жағдайда билікті тапсыру жоспары дайындалғаны хабарланған. «Менай көпірі» атты кодтық атауға ие бұл жоспар билікті тақ мұрагері – ханзада Уильямға беру процесін қарастырады. Осы жылдың ақпан айында Карл III-ден қатерлі ісік анықталған.