Тоқаев Осман империясынан азат болған Болгария халқын құттықтады

Автор: Бақыт Шынар

3 наурыз – Болгарияның Осман империясынан азат болған күні әрі ұлттық мейрамы

Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Республикасының Президенті Румен Радевке осы елдің ұлттық мерекесіне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, Қазақстан Президенті құттықтауында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірген.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі», - деп жазды Ақорда.