Тоқаевтың кеңесшісі болған Ерұлан Жамаубаев жаңа лауазымға тағайындалды

Автор: Бақыт Шынар

Енді ол Ұлттық банкте жұмыс істемек

Фото: primeminister.kz

Бұрын Қаржы министрі, премьер-министрдің орынбасары, президент кеңесшісі лауазымдарын атқарған Ерұлан Жамаубаев жаңа лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босады», - деп хабарлайды Ақорда.