Мағзұм Мырзағалиев Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

Автор: Бақыт Шынар

Бұл лауазымдағы Болат Ақшолақов қызметінен кетті

Фото: Ақорда

Бүгін, 2025 жылдың 13 ақпанында мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасай отырып.

Сондай-ақ, Тоқаевтың тиісті өкімімен Болат Ақшолақов президенттің кеңесшісі лауазымынан босады.