Тоқаев Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Автор: Бақыт Шынар

Айта кетейік, АҚШ-та жолаушылар мінген ұшақ пен әскери тікұшақ соқтығысып, адамдар мерт болған

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа әуе апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонның Рональд Рейган атындағы Ұлттық әуежайы маңында болған ұшақ апатынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді. Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа, қайтыс болған жандардың отбасыларына және қайғылы оқиғадан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан халқының және өзінің атынан көңіл айтты», - деп хабарлайды Ақорда.