Бұған дейін Баку Ресей азаматтарының Әзербайжанда болу мерзімін өзгертетіні хабарланған еді
Ресей азаматтарының Әзербайжанда уақытша болу мерзімі 90 күнге дейін қысқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Мәселен, Әзербайжанға визасыз келген Ресей Федерациясы азаматтарының және Ресей Федерациясында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың уақытша болу мерзімі бір күнтізбелік жылда 90 күннен аспауы тиіс.
Шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Осыған дейін бұл мерзім 180 күнге тең еді.