Әскерилер бұл елге оқу-жаттығудан өту үшін барған
Қазақстандағы десантты-шабуылдаушы әскердің 15 әскері Бүлікшілермен күрес және джунглиде әскери жаттығу өткізетін атақты мектептің базасында дайындықтан өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл мектептің әскери академия деген дәрежесі бар. Және оқу орны дәстүрлі емес соғыс түрлеріндегі іс-қимылдарға үйретеді екен.
«Біз осы жерге келген соң курстың бағдарламасымен таныстық. Оқу-жаттығу кезінде біз бүлікшілердің шағын тобын аңдып, оларды тұтқиылдан қолға түсіруді үйрендік. Оқу-жаттығу күні-түні Джунглиде өтіп жатыр», - дейді Десантты-шабуылдаушы әскерлердің капитаны Виталий Стефанович.
Жалпы, бұл-оқу жаттығу кезінде біздің әскерлер лекция тыңдап, пікірталастарға қатысады, әртүрлі тақырыптар бойынша зерттеу жүргізеді. Дегенмен, дене жаттығуларына, атыс пен тактикалық тәсілдерге басымдық беріледі.