Президентпен ауыз жаласқан экс-министр суицид жасамақ болды

Автор: Темірхан Айжан

Қазір оның камерасы күзетке алынған 

Фото: Yonhap

Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ен Хен өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Yonhap агенттігіне сілтеме жасай отырып.

«Оның денсаулығы қалыпты жағдайда, қазір қорғау камерасына қамалған», - деді түзеу мекемесінің басшысы Шин Ен Хе хабарлаған.

Еске салсақ, бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ен Хен президент Юн Сок Елмен ауыз жаласып, елде елде әскери жағдай жариялап, Ұлттық Ассамблеяның саяси жұмысын тоқтатуға тырысты. Оппозициялық партиялар мен сарапшылар Ұлттық Ассамблеяның жұмысына кедергі келтіру үшін елге әскери жағдай енгізу - бүлікке тең деп отыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, оған өлім жазасы берілуі мүмкін.