Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан Мажарстан мен Германия құрамалары арасындағы футбол матчын тамашалады

Автор: Оршыбекова Асель

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді

Фото: Ақорда

Будапешт қаласына мемлекеттік сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен бірге Puskas Arena Park стадионына барды, деп хабарлайды  Azattyq Rýh Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан УЕФА Ұлттар лигасы аясында өтіп жатқан Мажарстан мен Германия құрамалары арасындағы кездесуді көрді.