Бүгін ЛГБТ қауымдастығы үшін атаулы күн
Бүгін біз гомофобия, бифобия және трансфобияға қарсы (IDAHOBiT) күрестің жыл сайынғы Халықаралық күнін атап өтеміз. Қазақстанда, әлемнің басқа да кез келген елде сияқты, ЛГБТИ-қауымдастығының көптеген өкілдері зорлық-зомбылыққа немесе стигматизацияға ұшыраудан қорқып, үнсіз қалады, деп жазды елшілік Instagram парақшасында.
«Адам құқықтары әмбебап және ЛГБТИ-қауымдастығы өкілдері басқалармен бірдей құрметтеуге, бостандыққа және қорғауға құқылы. Біз бүкіл әлемдегі адамдарды жыныстық бағдарға, гендерлік бірегейлікке және өзін-өзі көрсетуге немесе жыныстық сипаттамаларға қарамастан, барлық адамдардың қадір-қасиеті мен теңдігін бекітуді қолдаймыз»,- деп жазады елшілік.
Атаулы күні қолдау ретінде елшілік өз ғимаратына ЛГБТ қауымдастығының туын іліп қойды.