Дегегация құрамында екі елдің көрнекті мәдениет және спорт қайраткерлері болды
Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентінің атынан ұйымдастырылған мемлекеттік қабылдауға қатысты. Мемлекет басшысының құрметіне орай Франция Президенті Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макрон мен оның зайыбы Бриджит Макронға қазақ делегациясына ерекше қонақжайлық көрсеткені және достық пейілдері үшін ризашылық білдірді.
Мемлекеттік қабылдауға Францияның Үкімет мүшелері, белгілі саясаткерлер, іскерлік топ, ғылым және дипломатия өкілдері, сондай-ақ екі елдің көрнекті мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылды.
Салтанатты кеш соңында Эмманюэль Макрон Қасым-Жомарт Тоқаевқа үстел теннисінен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Алексис Лебренді таныстырды