Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Францияға барады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан президенті Францияның іскер топтарының бірқатар өкілімен кездеседі

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмманюэль Макронның шақыруымен 4-5 қараша күндері Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап. 

Сапар барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Сондай-ақ Қазақстан президенті Францияның іскер топтарының бірқатар өкілімен кездеседі.