ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Қанат Далматов биыл ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған

Фото: gov.kz

Қанатай Далматов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, , деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қанатай Жорабекұлы Далматов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», делінген 2024 жылы 19 қазанда Ақорда жариялаған хабарламада.

Айта кету керек, биыл Қанатай Далматов ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған еді.