Қазақстан президенті ресми сапармен Түрікменстанда жүр
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа ресми сапары аясында Түрікменстанның Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Ақорда жазғандай, президент түрікмен елінің басты ескерткішіне тағзым ету арқылы екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың берік екенін көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, Тоқаев Ашхабадта Абай ескерткішінің ашылуына қатысқан болатын.