Оны әуежайдан Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Түрікменстанға келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда жазғандай, Ашхабад әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты түрікмен халқының көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.
«Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Президент Ашхабадтағы Абай Құнанбайұлының ескерткішін ашып, «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумға қатысады», - деп жазған Ақорда.