Референдум комиссияларының жұмысына қатысты әзірге шағым болған жоқ – «Дауыс» коалициясы

Автор: Azattyq Rýhy

Коалицияның 9500-ден астам бақылаушысы жұмыс істеп жатыр

Фото: t.me/pressmfakz

Бүгін Қазақстанда референдумның дауыс беру учаскелері ашыла сала,  «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігі күшейтілген режимдегі жұмысқа ауысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының» төрағасы Төлеген Күнәділовтің айтуынша, олар үздіксіз мониторинг жүргізеді.

«Таңғы сағат 6:00-ден бастап «Дауыс» коалициясының 9500-ден астам бақылаушысы республиканың ең алыс өңірлерінен бастап елордаға дейін дауыс беру учаскелерінде жұмыс істеп жатыр. Референдум комиссияларының жұмысына қатысты әзірге ешқандай шағым немесе теріс пікірлер тіркелген жоқ. Барлық бақылаушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес референдум учаскелеріне жіберілді, ал дауыс беру процессі тыныш және дұрыс өтіп жатыр», - дейді ол.

Тегтер: