Президент тиісті Жарлыққа қол қойды
Ішкі істер министрінің бұрынғы бірінші орынбасары Марат Қожаев енді сенатта депутат болады.Тиісті Жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының өкімімен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды», - деп хабарлады бүгін, 4 қазан күні Ақорда.
Айта кетейік, президент бүгін Сенат депутаты Ләззат Қалтаеваның өкілеттілігін тоқтатқан болатын.