Тоқаев Корея президентін осы елдің Ұлттық күнімен құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан президенті қазақ-корей ықпалдастығының нығая беретініне сенім білдірді

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёл мен корей халқын Ұлттық күнімен құттықтаған.

«Президент жеделхатында Кореяны экономикалық және технологиялық дамуда зор жетістіктерге қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар дәстүрлі достық пен берік байланысқа негізделген қазақ-корей ықпалдастығы халықтардың игілігі үшін одан әрі жандана беретініне сенім білдірді», - деп жазады Ақорда.