Жапония Солтүстік Кореяны бақылайтын спутник ұшырды

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол КХДР-дың әскери нысандарын бақылайды

Фото: pixabay.com

Жапония КХДР-ны бақылау үшін барлау спутнигімен зымыран ұшырды. Бұл туралы «Йомиури» газеті жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл спутник - Солтүстік Кореяның әскери нысандарын бақылайтын барлау спутнигі»,- деп түсіндіреді басылым.

«Йомиуридің» хабарлауынша, Жапония билігі осындай 10-ға жуық спутник ұшырмақ.

12 қыркүйекте Жапонияның жағалау күзеті КХДР баллистикалық зымыран ұшырғанын хабарлады. Кейінірек Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай екіден беске дейін зымыран ұшырғаны белгілі болды.