Руслан Сарқұлов ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры шеніне ие
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының тағы бір орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», - деп жазды Ақорда.
Былтыр ол президенттің жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры шенін алған болатын.