Журналист оның премьер-министр болуы мүмкін деген болжамдарға қатысты сұрақ қойды
Бүгін үкімет отырысынан соң брифинг өткізген премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев өзіне сұрақ қойған журналистке ақыл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Журналист оған «сіз премьер-министр болады деген болжам көп айтылды. Бұл жөнінде өзіңіз не ойлайсыз?» деген сұрақ қойған еді.
«Сізге бір кеңес берейін. Таңертең төсектен тұрғанда, өсек тыңдамаңыз», - деді Қанат Бозымбаев.
Айта кетейік, Қанат Бозымбаев су тасқынынан кейін премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалып, тасқынның салдарын жоюға жауапты адам болды.
Журналист вице-премьерге «мен таңертең тұрғанда, өсек тыңдамаймын» деп жауап берді.