Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда жазғандай, заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.