Марат Жұмабаев қосымша Сыртқы барлау қызметін басқарады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевтың екі орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының өкімімен Марат Қабиденұлы Жұмабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының өкімімен Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», - деп хабарлады Ақорда.
Айта кетейік, өткен аптада Тоқаев осы қызметтерді атқарған Руслан Сейсембаев пен Асқар Әмірхановты қызметінен кетірген еді.