«Тізімде 109 ел бар»: шетелдік  туристер енді визаны онлайн форматта ала алады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Көші-қон комитетітінің төрағасы мәлім етті

Фото: gov.kz

Қазақстанға сапарлайтын туристер енді визаны онлайн форматта рәсімдей алады. Бұл тізімде әзірге 109 ел бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Аслан Аталықовтың айтуынша 80 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады.

«Қазір 1 айға дейінгі мерзімге туризм мақсатымен келетін шетелдіктер үшін ешқандай тіркеу түрі жоқ. Олардың келгені туралы қабылдаушы тұлғалар ғана хабарлауы тиіс», - деді ол.

Тегтер: