Малахов Жоғарғы сот кеңесінде лауазымды орынға жайғасты

Автор: Темірхан Айжан

Ол бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы қызметін атқарды

Фото: t.me/afm_rk

Мемлекет басшысының Жарлығымен Денис Шипп Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымынан босатылып, оның орнына Дмитрий Малахов келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалсын», - делінген Президент жарлығында. 

Дмитрий Малахов 1974 жылы 27 тамызда Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Мамандығы заңгер, экономист. Ұзақ жылдар бойы Ішкі істер органдарында, қаржы полициясында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте және экономикалық тергеу қызметінде жұмыс істеп келеді.