Ұлттық ұланның бұған дейінгі басшысы Ботақанов қызметінен кетті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ұланның Бас қолбасшысын тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президент Ұлттық ұланның бұған дейінгі Бас қолбасшысы Еркін Ботақановты қызметінен босатты.
«Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды», - деп хабарлады Ақорда 18 қыркүйек күні.