Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольцтің Қазақстанға ресми сапары барысында екі ел арасында бірнеше құжатқа қол қойылды. Соның ішінде бірлескен институт пен қазақ-неміс мектебін ашу туралы меморандум бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия канцлері Олаф Шольц Ақордада келіссөз өткізгеннен кейін, Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық туралы Бірлескен декларация қабылдады.
Сонымен қатар ресми делегация мүшелері бірқатар құжаттарға қол қойды:
- ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры мен «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қоры және Германия Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы қазақ-неміс мектебін құру ниеті туралы меморандум;
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Германия Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті жанынан Қазақстан-Неміс ғылым және технологиялар институтын құру жөніндегі ниет туралы меморандум;
- Қазақстан Ұлттық банкі мен Дойче Бундесбанк арасындағы Орталық банктер ынтымақтастығының техникалық мәселелері жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.