Президент тиісті өкімдерге бүгін қол қойған
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Руслан Сейсембаев пен Асқар Әмірханов Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі жұмыстарынан босады, деп Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Ақорда жазды. Дереккөзге сүйенсек, Сейсембаев терроризмге қарсы қызметтің бастығы болса, Әмірханов Сыртқы барлау қызметінің директоры болған.
«Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;
Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды», - деп жазады Ақорда.