Гэри Нейгл президентке компанияның жоспарларын таныстырған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ақордада Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглді қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа Glencore компаниясы қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берген.
Бұдан бөлек, еліміздің тау-кен, металлургия және энергетика салаларындағы компания жұмысының негізгі аспектілері талқыланды.
Президент экологиялық стандарттарды қатаң сақтау және өндіріс процесіне инновациялық технологияларды енгізу қажет екеніне айрықша назар аударды.