АҚШ-тағы президенттік сайлау қарашада өтеді
АҚШ президенттігіне үміткерлер Дональд Трамп пен Камала Харрис теледебаттар өткізіп, бір-біріне қарсы келетін пікілері мен ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Экономика мәселесінде Харрис "мүмкіндіктер экономикасын" құру жоспарын ұсынып, кіші бизнес пен жас отбасыларға қолдау көрсетуді уәде етті. Трамп Харриске қарсы сын айтып, инфляцияның елге үлкен зиян тигізгенін атап өтті.
Израиль мен ХАМАС арасындағы соғысқа қатысты Трамп, егер ол президент болғанда, қақтығыс болмас еді деп мәлімдеді. Харрис Израильдің өзін қорғауға құқығы бар екенін, бірақ бұл соғыстың тез арада аяқталуы керектігін айтты.
Украинадағы соғыс туралы Трамп, егер ол билікте болғанда, Ресей Украинаға басып кірмес еді деп сендірді. Харрис, егер Трамп президент болса, Путин Киевті жаулап алатынын айтты.
Аборт мәселесінде Харрис Конституциялық құқықты қайтаруды қолдаса, Трамп Жоғарғы соттың шешімін қорғады.
Миграция мәселесінде Трамп елдің қауіпсіздігі нашарлағанын айтып, шекараға мықты қабырғалар қажет екенін мәлімдеді. Харрис Трампты заңсыз мигранттар мәселесін шешуде жеткілікті шара қолданбады деп сынға алды.
Дебаттардың қорытындысы бойынша сайлаушылардың пікірі әлі де бір-біріне жақын, ал АҚШ президенттік сайлауы қарашада өтеді.