Tele2 шетелге сатылды: қазақстандықтардың жеке деректеріне қауіп бар ма

Автор: Темірхан Айжан

Министр байланыс операторы үнемі бақылауда болады дейді 

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Бүгін мәжіліс кулуарында Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровқа «Қатар инвесторының иелігіне берілген Tele2 операторы азаматтардың жеке деректерін таратып жібермей ме?» деген сұрақ қойылды. Министрдің айтуынша, қазақстандықтар ақпараттық қауіпсіздікке алаңдамаса болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нұрлан Байбазаров Tele2 басқа байланыс операторлары сияқты үнемі қадағаланатын болады.

«Казахтелеком» АҚ-ның «МОБАЙЛ ТЕЛЕКОМ»-СЕРВИСІН» қатарлық «Power INTERNATIONAL HOLDING» компаниясына сатуы телекоммуникация саласын ырықтандыруға және бәсекелестіктің өсуіне ықпал ететін болады. Қатарлық «Power INTERNATIONAL HOLDING» компаниясының Tele2-ге салған инвестициялары озық технологияларды енгізуге, телекоммуникациялық инфрақұрылымды кеңейтуге және халықаралық стандарттарға сәйкес бизнес-процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді», - деді ол.  

Еске салайық, Қатар инвесторы Tele2-ні Қазақтелекомнан 1,1 млрд долларға сатып алатыны белгілі болған.