Бектенов пен Новгород облысының губернаторы шекара мәселесін талқылады

Автор: Azattyq Rýhy

Новгород облысының делегациясы жұмыс сапары аясында Ұлытау облысына барған

Фото: үкімет

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Новгород облысының губернаторы Андрей Никитинмен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтің мәліметіне сүйенсек, Олжас Бектенов Новгород облысының губернаторымен шекара маңы және аймақаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылаған.

«Кездесуде өңіраралық ынтымақтастық және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды. Новгород облысының делегациясы жұмыс сапары аясында Ұлытау облысына барып, қонақтар өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты. Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша салынған «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барды. Биыл Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толды», - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.