Президент елдік мүддеге адал болу керегін айтты – сарапшы

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Жолдаудан түйген ойы көп екенін айтты

Фото: Ақорда

Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж директоры Шағангүл Жанаева мемлекет басшысының Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2024 жылы 2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауын жариялады. Жиынға сенат пен мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысты. Жолдаудан көкіректе көп ой қорыттық», - дейді Жанаева.

Ол Президент жиынға қатысқан әр адамның, мемлекетіміздің әр азаматының Жолдаудағы міндетті орындауға бар күш-жігерін арнап, табанды еңбек ететіндігіне сенімін білдірді.

«Жолдауды жүзеге асыруда ел болып біріккеніміз дұрыс. Елдік мүддеге адалдық - Отанымыздың дамуы мен өркендеуінің басты негізі», - дейді ол.