Депутат талапты орындамағандарды жұмыстан босату әлемде бар тәжірибе дейді
AMANAT фракциясының мүшесі, мәжіліс депутаты Айдос Сарым күні кеше жұмысынан босаған Ермек Маржықпаевтың отставкасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Саладағаы проблемаларға қатысты саяси жауапкершілік болады. Менің ойымша, Маржықпаев мырза да біліп, түсінген сияқты. Олимпиаданың алдында, өзге спорттық іс-шаралар алдында өзіне міндеттелмелерді алады ғой. Егер оны орындамаса, мемлекеттік қызметтен кету әлемде бар тәжірибе. Ешкім ешкімді бір қызметке баруын міндеттемейді. Ал қызмекте барған соң істеуі міндет. Қазақстанға бүкіл әлем көз тігіп отыр. Қордаланған мәселелер болды. Министрлерді жұмыстан босату президенттің шешіміне қатысты болады», - дейді Сарым.
Сондай-ақ, депутат Олимпиададан алтынсыз оралған боксшылар жайлы айтып берді.
«Біздің спортшылардың мықты екені рас. Менің ойымша, Париж олимпиадасындағы бокста тактикалық дайындықтар жетпей, бас штабтың қателіктері болды деп ойлаймын», - дейді Айдос Сарым.