Министрлер бізді тыңдамайды - депутат Ринат Зайытов

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол осы сессияда көзқарас басқаша болатынын жеткізді

Фото: видеодан скриншот

«AMANAT» фракциясының мүшесі, мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында министрлер депутаттардың ұсынысын орындамайтынын алға тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Маған түскен шағымдардың бәрін министрлікке апарып бердім. Өте көп шағым түстіү Олар оның шешімін табуы керек. Министрлер бізді тыңдап отырғанын көрмедім. Айтқанды керісінше істеп жатыр. Осы сессияда қалай жұмыс істейтінін көреміз. Бір жыл бойы біз де «жарайды» деп, көңілге қарағанымыз дұрыс болмады. Мүмкін, біз тыңдата алмай отырған шығармыз», - дейді Зайытов.

Еске салсақ, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа кезекті Жолдауын жариялайды.