Қазақстан ағылшын тілін меңгерудің әлемдік рейтингісінде Қырғызстан мен Өзбекстаннан артта қалды

Автор: Аягөз Құрмаш

Өзбекстан Қазақстаннан 9 саты алда тұр 

фото: EF Education First

Ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша Қазақстан ағылшын тілін оқыту жөніндегі 2023 жылғы EF Education First  халықаралық білім беру орталығының рейтингіне сәйкес, тізімде 104-ші орында тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өзбекстан рейтингте 93-ші, ал Қырғызстан 90-шы орынға ие болды. Ресей 41-ші орында, Иран 58-ші, Түркия 66-шы орында болса, Грузия 32, Армения 48-ші орынға жайғасқан.

Авторлардың пікірінше, ағылшын тілінде Нидерланды, Сингапур және Австрия халқы жақсы сөйлейді. Конго демократиялық республикасы мен Тәжікстанда ағылшын тілінде ең нашар сөйлейтін халық жиналған. Есеп 113 елдегі 2 миллион ересек адамның сауалнама нәтижелеріне негізделген.