«Дустлик» («Достық») ордені 6 лауазымды тұлғаға берілді
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев бірнеше қазақстандықты марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Дустлик» («Достық») орденімен:
Жарлықта олар «Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара сыйластық, сенім, тату көрші және стратегиялық әріптестік қатынастарын жаңа деңгейге шығаруға, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты практикалық мазмұнмен және маңызды бастамалармен толықтыруға, басым бағыттардағы байланыстарды кеңейтуге және жан-жақты дамытуға қосқан жеке үлесі үшін, бірлескен жобаларды белсенді ілгерілету, сондай-ақ біздің елдер халықтарының ғасырлар бойғы достығын одан әрі нығайту жолындағы ерекше еңбегі үшін» наградалар алғаны айтылған.