Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша сот та онлайн өтіп жатыр
Прокурор бизнесті рейдерлік жолмен тартып алды деп айыпталып жатқан Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Гүлмира Сатыбалды Қылмыстық кодекстің «бас бостандығынан заңсыз айыру», «бопсалау» және «өзінше билік ету» баптары бойынша айыпталып жатыр.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушы Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға, ал оның жүргізушісі Мәди Батыршаевты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Батыршаевқа бас бостандығынан заңсыз айырды деген айып тағылды.
Айта кетейік, Гүлмира Сатыбалды – сегіз жылға сотталып, жуырда жазасы жеңілдеген Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі.