«Өте ұят болды». Өзбекстан президенті Түркістан облысына көмек беруге дайын екенін айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Өзбекстанда болған апат Мақтаарал ауданын шығынға батырды

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 5 мамыр күні өткен бейнеконференцияда Бұхара мен Сырдария облыстарындағы төтенше жағдайларға орай өз сөзін айтты, деп хабарлайды uza.uz агенттігі.

«Өкінішке орай, Сардобадағы апат салдарынан көршілес Қазақстан Республикасы Түркістан облысының Мақтаралы ауданындағы  елді мекендерді де су басты. Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, бұл мәселені өзара түсіністік пен ашықтық рухында кеңінен талқыладық. Кеше Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған делегация оқиға орнына барып, жағдайды жан-жақты зерттеді. Бұл техногендік күтпеген апат тек біздің тұрғындарға ғана емес, сонымен бірге көрші қазақ бауырларымызға да үлкен зиян келтіргені өте ұятты болды. Олардың мекендейтін жеріне және егістік алқаптарына зиян келтірілгеніне де өкінеміз», - деді ол өз сөзінде.

Шавхат Мирзияевтің айтуынша,  үкімет, тиісті министрліктер мен ведомстволар, жергілікті билік органдары, басқа да шенеуніктер мен сарапшылар өздерінің қазақстандық әріптестерімен бірге табиғи апаттардың салдарын жою үшін тығыз жұмыс істейтін болады.

«Сондай-ақ, біз табиғи апаттың салдарын жоюда қазақстандық бауырларымызға қажетті көмек көрсетуге дайын екенімізді білдірдік. Біз бұл қиындықтарды халқымызбен бірге, өзара ынтымақты түрде жеңетінімізге сенімдімін», - деді ол.