Астанадағы ең жас әкімнің бірі жұмысынан кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жүсіп Жұмағұлов елордадағы жаңа аудандардың біріне әкім болған

Фото: instagram.com/zhusup_zhumagulov/

Астана қаласында жаңадан құрылған Нұра ауданын 1,5 жыл басқарған Жүсіп Жұмағұлов қызметінен кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

32 жастағы экс-әкім өзінің қызметтен кеткенін әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

«Бүгін Нұра ауданының әкімі ретіндегі соңғы жұмыс күнім болды. Мансабымдағы жаңа кезеңге байланысты жұмыс орнымды ауыстырмақпын. Бұл бір жарым жыл өмірімнің қызықты, кейде қиын, бірақ маңызды және нәтижелі бөлігі болды», - деп жазды ол.

Айта кетейік, Жүсіп Жұмағұлов 1992 жылы туған. Президент кадрлық резервінің түлегі.