Тоқаев Родина ауылындағы сүт зауытын аралап көрді

Автор: Azattyq Rýhy

Зауытта 36 адам жұмыс істейді 

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Родина ауылына барған сапарында индустрияландыру бағдарламасы аясында іске қосылған нысанның өндірістік процессімен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда хабарлағандай, зауыт тәулігіне 50 тонна сүт өндіреді. Сонымен қатар сүт өнімдерінің бірнеше түрін шығарады. Қазір мұнда 36 адам еңбек етеді.

Президент зауыт жұмысшыларымен әңгімелесіп, «Родина» агрофирмасының үлгілі шаруашылық екенін айтып, жүйелі жұмысты одан әрі жалғастыра беруге шақырды.

Жалпы Ақмола облысында сүт өнімдерін шығаратын 15 кәсіпорын бар. Сонымен қатар өңірде 7 тауарлы сүт фермасы салынып жатыр. Осы бағыттағы жобаларды қаржыландыруға 13,3 миллиард теңге бөлінген.