Қайрат Сатыбалды түрмеден ерте шығатын болды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының соты хабарлады

Фото: Aktobe press

Бірнеше күннен бері ел қазынасына есеп жетпейтін байлығын тапсырған Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын түрмеден шығатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының соты хабарлады.

«Өскемен қаласының №2 соты сотталған Қайрат Сатыбалдының жазасының өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхатын қарады. Қайрат Сатыбалды мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сотталған өзінің өтінішхатында жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхатын беру үшін заңның барлық талаптарын орындағанын атап көрсеткен», - деп жазды сот.

Осылайша, Өскемен соты Сатыбалдынының жазасын жеңілдетіп, оның түрмедегі жазасын бас бостандығын шеттету жазасына ауыстырды.